logo

"Алдағы айларда тағы да үлкен жер сілкінісі болады": Алматыдағы жер сілкінісін алғаш болжаған көріпкел сұхбат берді

Алдағы уақытта елімізді тағы бір жер сілкінісі күтіп тұр ма?

2024 жылы қаңтар айында Алматыда жер сілкінісі болатынын ең бірінші болжаған балгер Жанар Қалиева алдағы уақытта елімізде қандай жағдайлар күтіп турғаны туралы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

"Алдын ала көретін түсім болады, сезетінім болады"

"Мен жылдың басында 2024 жылы үлкен жер сілкінісі болады деп айтқанмын. 2022 жылдың аяғында Шымкентте жер сілкінісі болады деп алдын ала айтқан болатынмын. Шымкентте шынымен де болды, бірақ ол жер сілкінісінен қатты уайым байқалан жоқ. Осы жолғы жер сілкінісіне қатты қобалжудамын. 2024 жылы үлкен жер сілкінісі болады дедім әрі инстаграмдағы парақшама пост салғанмын. 7 күн бұрын 7 күннің арасында болады дегенмін, расымен де солай болып шықты. Бірақ менің алдын ала көретін түсім болады, сезетінім болады. Сол кезде мен пост жариялаймын".

"Алдағы айларда үлкен жер сілкінісі болады"

Балгер Жанар Қалиева алдағы уақытта тағы да үлкен жер сілкінісі болатыны туралы айтты.

"Мен болатын жерлерді болжап айтқанмын. Плитаның қалай жатқанын білесіз, естіпр жатқан шығарсыз. Алматы, Талдықорға, Шымкент сияқты жерлер. Қытай шекарасымен жатқан таулы аймақтарда жер сілкінісі көп болады. Мен алдын ала сеземін сол кезде пост жариялаймын. Бірақ осы жылы жер сілкінісі тағы да болады. Алдағы айларда үлкен жер сілкінісі болады"

Еске салсақ, әлеуметік желіде 15-қаңтарда қатты жер сілкінісі болатыны жайлы болжам тарап, ел арасында үрей туғызған болатын. Ал 23 қаңтар күні түнде Алматыда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.