
Құрылыс жұмыстары келер жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Облыс әкімі Берік Уәли 320 орындық білім нысаны құрылысының басталу рәсіміне қатысты. Құрылыс жұмыстары басталған балабақша келер жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі жаңа әлеуметтік нысанның Қарағайлы ықшам ауданы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
"Қарағайлы — Семейдегі үлкен ықшам аудандардың бірі. Халық саны жылдан жылға артып келеді. Бұл ықшам ауданда балабақшаға сұраныс жоғары. Өйткені, бір ғана балабақша бар. Президенттің тапсырмасына сәйкес осы ауданда 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Енді тұрғындардың нақты сұранысына сай балабақша құрылысы басталмақ. Біз қаланың шеткі аудандарын да назардан тыс қалдырмаймыз. Халыққа қажетті нысандар кезең-кезеңімен салынатын болады" – деді аймақ басшысы.
Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі