logo

"Әскери сала және мемлекеттік қызметкерлер": Казиноға кімдер кіре алмайды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі президенттің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызметкерлерге, құқық қорғау органдары және әскери қызметкерлерге ойынханаларға бару құпталмайтыны туралы түзетулер жобасын әзірледі,.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Билік өкілдерінің ойын мекемесіне баруының өзі қоғам тарапынан негізді сын тудырып, беделіне қауіп төндіреді. Оларға жоғары талаптар қойылады. Олар азаматтардың алдында мемлекеттік биліктің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі керек", — делінген түсіндірме хатта.

Осыған байланысты аталған түзетулер қызметтік этика нормаларының талаптарын сақтау шеңберінде әскерилерді, мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, азаматтық қорғау органдарын және мемлекеттік фельдъегерлік қызметті көтермелеуге бағытталған ұсынымдық сипаттағы нормаларды, "Ойын бизнесі туралы" заңда көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан бас тартуды енгізуді ұсынады.

Дегенмен мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ерекшелік: бизнеске қажет болуы негізінде казиноға бару болуы мүмкін. Әскери қызметкерлер үшін ерекшелік жоқ.

Жоғарыда аталған жобаға сәйкес президенттің 3 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген:

  • "ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы";
  • "ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";
  • "ҚР құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы".

Жоба 28 тамызға дейін Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланған.