logo

Астанада тапсырыспен кісі өлтірмек болған күдікті ұсталды

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinformға сілтеме жасап.

Екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана-Көкшетау тас жолында ұсталды.

- Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, — деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.