logo

"Есеппен байға тиесіңдер ме? Қойсаңдаршы қымбат сыйлық сұрауды": Танымал блогер мәхірге миллиондап ақша сұрайтындарды қатаң сынға алды

Белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева мәхірге аста-төк сыйлық сұрайтындарды сынға алды.

Ол бүгінде "Мәхірдің жігіттердің соры болғанын" жасырмай айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогер осы орайда жас қыз-келіншектерге өзгенің салтын дәріптемеуге шақырды.

"Махыр деген жігіттердің соры болды. Алдымен соны алу үшін еңбегің сіңді ма?! Есеппен байға тиесіңдер ма?! Адам саудасынан қалған өзгенің салтын дәріптемеңдер! Қазақ бала көтерсе, туса әйелді өз сатысымен көтеріп отырған міне саған махыр!
Еркек те адам! Ол асырасын деп дінді сылтауратып жатқан да өзім асыраймын отыр,- деп қатынын көлеңкесінен қызғанып жүрген де есалаң! Қоғаммен араласы жоқ әйелдің балалары болашағымыздың соры!
Көзі жабық, көкірегі сөнген әйелден бала болғанымен шала болады! Ұрпақ тәрбиелейтін әйел! Үйінен шықпайтын, жұртпен аралас-құраласы жоқ, қараңғы әйелдің баласы да сондай болады. Еркек қана еңбек қылатын заман емес. Қолдан келсе екіжақтау керек. Ал махыр сұрап бір саты жеке дара байып алғысы келетін жас қыздарда бір гррам сезім жоқ! Олар есеп қуып байға шыққандар! Жаны ашыса жігітін қинай ма?! Үй боламын деген есі түзу адам солай дей ма?!", — деп жазды ол.

Көпшілік блогердің бұл жазбасына жаппай қолдау көрсеткен. Олар:

"Дұрыс айтасыз, мәхір сұрауды кейіннен шығарды, бұрын ондай болмайтын", "Бір айтатын адам табылды-ау әйтеуір", "Қайдам ешнәрсе сұрамай ақ, айлығы төмен жігітке, кредитіне қарамай тұрмысқа шықтым. Кредитке одан сайын кіріп кетпесін деп, той да, қалыңмал да сұрамадым. Бақытты болып өмір сүріп жатырмыз", "Ай Мөлдіржан ең өзекті әңгімені қозғадың, жарайсын!!!! Махрге әдемі орамал деседе болады-ау" деп жазды олар.