Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобасы Мемлекет басшысының құмар ойындарға шектеу қою тапсырмасының шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді, — деді заңның негізгі мақсатын түсіндірген депутат Асхат Аймағамбетов.
Заңдардың негізгі новеллалары мынадай:
Біріншіден. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норманы қарастырып отыр. Сондай-ақ басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады.
Екіншіден. Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады.
Үшіншіден. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады. Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да маңызды нормалар бар.