logo

Абай облысында қоғамдық орынды ластаған бес мыңға жуық азамат жауапкершілікке тартылды

Құқықбұзушылықты камера арқылы анықталған.

Жалпы пайдалану орындарының ластану фактілері Семей қаласының ЖБО камераларымен анықталады.

Камералардың линзаларына темекі тұқылын жерге лақтырған азаматтар түсті. Жыл басынан бері жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 4 984 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бұл бұзушылық үшін 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл түрінде жаза қолданылады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін — 10 АЕК немесе 36 920 теңге", — делінген ПД хабарламасында.


Ұсақ бұзақылық-бұл азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі-балағат сөздер, адамдарды қорлау, жалпы аумақтардың ластануы: бұл темекіден, пістенің қабығынан, тұрмыстық қоқыстардан және т.б.

Сурет: видеодан үзінді