logo

Абай облысының әкімі болып Президенттің Баспасөз хатшысы тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұған дейін ол Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болған.

Берік Уәли 1977 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы", Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін " Журналистика " (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы "Таң" телекомпаниясында "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

1998-1999 жылдары – "НТК" телеарнасында "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.

2000-2007 жылдары – "31 канал" телерадиокомпаниясында" "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, "Дода" саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.

2007-2012 жылдары – "Хабар" Агенттігі" АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі,

"Бетпе-бет" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

2009-2012 жылдары – "Нұр Отан" партиясы "Нұр-Медиа" ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – "Нұр-Отан" партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2017-2018 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "1-студия" қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2022-2023 жылдары – "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылдан осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болған.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының (2011), "Парасат" (2024), "Құрмет" (2019) ордендерінің, ҚР Президенті Алғысының (2021), ҚР Президенті Әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдің иегері.

Сурет: Ақорда