logo

Луиш Мата: клуб пен қазақстандықтар үшін тағы бір тарихи кеш болады деп үміттенемін

«Қайрат» қорғаушысы матч алды баспасөз мәслихатында «Копенгагенге» қарсы өтетін алдағы матч туралы пікір айтып, журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» ФК сілтеме жасап хабарлайды.

— Біз осында, Чемпиондар лигасына оралғанымызға қуаныштымыз. Ертең бізді «Копенгагенмен» өтетін маңызды ойын күтіп тұр. Команда ұзақ дайындалды әрі осы матчқа барынша дайын. Ертең «Кайрат» жақсы нәтижеге жетеді деп үміттенемін.

— Сіздер шамамен 20 күн бойы ресми матч ойнамадыңыздар. Ертең сіздерге қалай әсер етеді? Ойын ритмінің жетіспеушілігі сезіле ме?

— Осы кезеңде біз жаттығуларда физикалық тұрғыдан барынша дайындалдық. Біз маусымды чемпион болып аяқтадық. Демалыс күндері ойнамаймыз, сондықтан Чемпиондар лигасы ғана қалды. Біз өзімізді жақсы сезінеміз әрі бұны алаңда көрсетеміз.

— «Копенгаген» туралы не білесіз? Ертеңгі ойында не күтесіз?

— Қарсыласымыз туралы не білетінімізді айтпаймын, өйткені бұл ертеңгі тактикалық дайындықтың бөлігі. Соңғы жылдары «Копенгаген» Чемпиондар лигасында тұрақты ойнайтыны бәріне белгілі. Қиын матч болады деп күтеміз, өйткені екі команданың да қоржынында бір ғана ұпай бар. Екеуі де Чемпиондар лигасында бірінші жеңісіне жетуге тырысады. Олардың жақсы стадионы мен жанкүйерлері бар. Менің білуімше, бізді Қазақстан жанкүйерлері де қолдайды. Бұл біз үшін өте жақсы.

— Осы жемісті жылды «Кайрат» үшін қалай бағалайсыз?

— Бұл — менің кәсіби мансабымдағы ең үздік жыл болды. «Қайрат» футбол клубының тарихындағы ең үздік жыл болғанына сенімдімін. Чемпион болдық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықтық. Клуб үшін тамаша жыл болды. Алматыдағы, Қазақстандағы барша халық «Кайрат» үшін қуанышты. Біз сол қарқыннан таймауымыз керек. Ертең клуб пен қазақстандықтар үшін тағы бір тарихи кеш болады деп үміттенемін. Алдыңғы ойынан жақсы әсер алдық. Осы үшін алаңда барымызды саламыз.

TELEGRAM