|
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458 – 461 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform.-ға сілтеме жасап.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,1-460,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 458,5-461,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,69 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,01 – 5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,07-5,17 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 13 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,76 теңгеге төмендеп 455,86 теңге болған.