Осы жылдың ақпан айында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 48 363 теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
2023 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5%-ға өсті.
18 жастан асқан еңбекке қабілетті ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 57 427 теңгені, ал әйелдер үшін – 45 590 теңгені құрады. Мұндай сандарды Ұлттық статистика бюросы келтіреді.
Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін деңгей 45 238 теңгеге, ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін – 39 118 теңгеге жетті. 14-17 жас аралығындағы ұлдар үшін – 61 151 теңге, қыздар үшін – 46 862 теңге.
Сондай-ақ, күнкөріс деңгейі аймақтар бойынша ерекшеленеді.
Осы жылдың ақпан айында ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында – 59 067 теңге, Астанада – 53 162 теңге, Алматыда – 50 849 теңге, ШҚО-да – 50 363 теңге болып тіркелді. Алматы облысында – 49 834 теңге, Ұлытауда – 48 312 теңге, Шымкентте – 48 125 теңге.
Одан кейін Ақмола – 47 364 теңге, Абай – 47 346 теңге, Солтүстік Қазақстан – 46 900 теңге, Жетісу – 46 673 теңге, Павлодар – 46 641 теңге, Қарағанды – 46 463 теңге, Жамбыл – 46 333 теңге, Қостанай – 46 268 теңге, Атырау облысы – 45 687 теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі Түркістан – 44 307 теңге, Батыс Қазақстан – 44 017 теңге, Қызылорда – 43 990 теңге және Ақтөбе облыстарында – 43 552 теңге.