Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астанада жер сілкінісінің қайталану қауіпі сақталатынын мәлімдеді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, қазіргі таңда арнайы штаб құрылған.
"Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пункіне баруларыңызды сұраймыз", — деді Нұрлан Атығаев.
Айта кетейік, бұған дейін 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.