logo

Қарулы күштерге алғашқы қадам: Семейлік оқушылар әскери бөлімде қонақта болды

Әскери бөлімде "Ашық есік күні" өткізілді.

Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты. Шара аясында әскери қызметшілер қонақтарға заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, қорғаныс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.

Бұдан өзге оқушылар бөлім аумағына экскурсия жасап, спорт қалашығы мен сарбаздардың тұратын казармалармен танысты. Сонымен қатар саптық алаңда келген қонақтарға саптық дайындықтың орындалу тәсілдері көрсетілді.

"Ашық есік" күні аясында оқушыларға әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери — патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады, — дейді 44736 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Айдос Куашов.

Шараға келген оқушылар әскери бөлім қызметкерлеріне осындай ұйымдастырылған шара үшін алғыстарын білдіріп, олардың ел қорғау ісіне табыстар тіледі.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі