Қызылшадан екі бала қайтыс болды. Екі жағдайда да бір жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Сенатта денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Өлім-жітіммен аяқталған жағдайға келетін болсақ: екі өлім оқиғасы тіркелді — Астанада және Шығыс Қазақстан облысында. Бұл бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, патологиялар болды, оның үстіне қызылша жағдайын ауырлатты", — деді Есмағамбетова.