logo

Катар Қазақстанға газды қайта өңдеуге көмектеседі


Катарлық инвесторлар Қазақстанда төрт ірі газ жобасын іске асыруға көмектеседі. Бұл туралы LS-ке егжей-тегжейлі QazaqGaz компаниясында айтылды.

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, бұл Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы (жылына 1 млрд текше метр және жылына 2,5 млрд текше метр); "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісі; "Ақтөбе" МГҚ басқармасының желілік – өндірістік басқармасының Краснооктябрь КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және одан жаңа магистральдық газ құбырын Қостанайға дейін ("Ақтөбе – Қостанай") салу.

Жылына 1 млрд текше метрге ГӨЗ салу 2026 жылы жоспарлануда. Екі жыл бұрын бұл жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Ол кезде болжамды құны $865 млн-ға бағаланды. Бүгінде оған шикізатты өңдеуге жеткізетін құбыр тартылып жатыр.

Жылына 2,5 млрд текше метрге ГӨЗ 2029 жылы бой көтереді.

"Бейәнеу – Бозой – Шымкент" екінші желісінің құрылысы 2026 жылы аяқталады. Бұл жоба ертерек – 2025 жылы жүзеге асырылуы керек еді. Жобаны қаржыландыру 996 млрд теңгеге бағаланды.

"Ақтөбе – Қостанай" магистральдық газ құбыры 2026 жылдың соңына дейін салынады.

QazaqGaz компаниясының мәліметінше, барлық төрт жобаға инвестициялардың түпкілікті көлемі барлық қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуына және жобаларды бірлесіп іске асырудың түпкілікті шарттары айқындалуына қарай белгілі болады.