logo

Абай облысында ұл баланы соққыға жыққан кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетілуде.

Кеше әлеуметтік желіде, Семейдегі 343 квартал ауданында, кәмелетке толмаған бір топ бала ерекше қатыгездікпен басқа ұл баланы соққаға жықты. Араларында қыздар мен ұлдар болды. Барлығын өздері видеоға түсірген.

Жанжалға қатысқан барлық тараптар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

"Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда — ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде", — делінген Абай облысы ПД баспасөз қызметінде.

Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады.

Полиция департаментінде аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылатын болады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Оқу орнының әкімшілігіне оқиғаның орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізіледі.

Тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", — деп қосты департаменттің баспасөз қызметінде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі