logo

Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы шықты

15 қарашада ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялау туралы мәлімет берді.

"Қазақстан дипломаттары отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді", — делінген Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар министрлік азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайтынын мәлімдеді.

"Осы орайда Қазақстан дипломаттары Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады. Біздің барлық азаматымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды". ҚР Сыртқы істер министрлігі

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі