logo

Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

2023 жылы Алматыда сегіз компания тұрғын үйлер мен ғимараттарды салу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол бергені үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсанда мәлімдеуінше, биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.

"Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды".