Қалада уақытша өтемдік тариф бекітіледі.
Ведомствоның 17 қазандағы ақпаратына сүйенсек, "Алатау Жарык Компаниясы" АҚ-ының электр энергиясын беру реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2023 жылға арналған тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есептерді талдау қорытындылары бойынша, тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында, жалпы сомасы 534 190,727 мың теңге мөлшеріне уақытша өтемдік тариф бекітті.
Осылайша, "Алатау Жарык Компаниясы" АҚ-ының тарифтері:
- 2024 жылғы 1-інші және 31 желтоқсан аралығында бастап қолданысқа енгізіле отырып 11,35 теңге/кВтс ҚҚС-сыз (-0,44%);
- 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 қарашаға дейін 10,54 теңге/кВтс ҚҚС-сыз (-0,57%) құрайды.
Бұған дейін Аягөзде коммуналдық апат орын алып, өңір тұрғындары жылусыз қалғандығы хабарланған болатын.
Сурет: unsplash