logo

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза тапты

Қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды.

"Сағат 18:30-да "Шығыс Сары-Оба" шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр", — делінген компания таратқан хабарламада.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.