
Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Құтқару станциясының құрылуы Алакөл аймағындағы туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді . Жаңа нысан өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметтерін жедел үйлестіруге, қажетті техника мен мамандарды тартуға септігін тигізеді.
Екі жобаның құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, бұл бастаманың жағалау инфрақұрылымын дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі